Бүгінге дейін «ЭКСПО» көрмесін аралағандардың 14 пайызы - шетелдіктер - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Бүгінге дейін «ЭКСПО» көрмесін аралағандардың 14 пайызы - шетелдіктер

13.07.2017

EXPO-2017 көрмесі басталғалы бүгін - 34 күн. Осы уақытқа дейін қалашықты 1 миллионнан астам адам аралаған. Қонақтардың көбі «Нұр Әлем» павильонын тамашалайды екен. Ал, меймандардың 14 пайызы шетелдіктер. Өткен бір айда 160 мың адам көрмеге жеңілдіктер арқылы кірген. Бұл тізімге мектеп оқушылары, студенттер, зейнеткерлер және 6 жасқа дейінгі балалар мен мүгедектер, соғыс ардагерлері жатады. Сонымен қатар, ауқымды шара басталғаннан бері мыңнан астам мәдени және ойын-сауық кештері мен мемлекет басшыларының, министрлер мен халықаралық павильон комиссарларының қатысуымен жүздеген ресми іс-шара өткізілді.

 

Фариза МҰСАҚЫЗЫ

Хабарламаларға жазылу