БАҚ өкілдері «ЭКСПО әже» атап кеткен жапониялық Томио Ямада «Таңшолпанда» қонақта (ВИДЕО) - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

БАҚ өкілдері «ЭКСПО әже» атап кеткен жапониялық Томио Ямада «Таңшолпанда» қонақта (ВИДЕО)

05.07.2017

Бүгінгі бағдарламада ерекше қонақ болды. Ол - жапониялық Томио Ямада. Томио әже көрме қай елде өтсе, сол елдерді аралайды екен. Студияға келген «ЭКСПО әже» көрмелерден алған әсері, сыры, себептері және қызықты жайттары туралы айтып берді.

«Әр көрменің өз тақырыбы, ерекшеліктері бар. Ең қатты ұнағаны - «Шанхай-2013» көрмесі. Қазақстан туралы Шанхайдағы көрмеде алғаш рет білдім. Қазақстанның азаматтарымен танысып, содан бері Сіздердің елдеріңізге қызығушылығым арта түсті.

Шанхай көрмесінде БАҚ өкілдері «ЭКСПО әже» деп атап кеткен. Сол уақыттан бері мені осылай атайды.

Астанаға ұлыммен келдім. Ұлым - қоғамдық өмір пәнінен мұғалім. Сондықтан, қоғамдық өмір ол үшін қызық. Денсаулығым нашар болғандықтан, қасымда адам болуы керек. Сол себепті ұлым әрқашан менімен бірге жүреді», - дейді қала қонағы.

Хабарламаларға жазылу