«Этноауыл» аумағында ақтөбелік өнерпаздар қала тұрғындары мен қонақтарына өнер көрсетуде. Ұлттық аспаптар оркестрі, би топтары және әншілер сахнада патриоттық тұрғыдағы туындыларын орындауда. Дәстүрлі ән-күйлер мерекенің көркін қыздырды. Жалпы, Астанаға облыстан 600-ден аса өнерпаз келген. Аймақтың мәдени күндері маусымның 30-на дейін жалғасады. Осы аралықта түрлі концерттік бағдарламалар мен басқа да танымдық жобалар ұйымдастырылмақ.
Азамат НҰҒЫМАНОВ