«ЭКСПО»-ға ОҚО-дан 200 мың адам қатысады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«ЭКСПО»-ға ОҚО-дан 200 мың адам қатысады

09.06.2017

«ЭКСПО-2017» халықаралық  көрмесіне Оңтүстік Қазақстан облысынан жалпы саны 200 мыңға жуық адам барғалы жатыр. Олардың 2 мыңдайы - Астана қонақтарына қызмет көрсететін еріктілер. Бірнеше тілді жетік білетін жастар өңірдегі 12 жоғары оқу орнынан іріктеліп алынған. Жолға жиналып жатқандардың ішінде мектеп оқушылары, ардагерлер мен мүмкіндігі шектеулі жандар да бар.

Сондай-ақ, өңірдегі 35 агроқұрылым елордаға 130 тоннадан астам ауыл шаруашылығы өнімдерін жіберуге қам жасап жатыр. Олар бұған дейін Астана қаласында екі рет жәрмеңке өткізген болатын. Сондай-ақ, көрмеде шетелден келген қонақтардың назарына өңірден 4 жоба көрсетіледі. Олар - Сарыағаш, Сайрам, Төле би аудандары мен Шымкент қаласындағы су мен Күн шуағынан қуат өндіретін стансалар және сай тазалау кәсіпорны. Ал, тамыз айының 29-ы мен  қыркүйек айының 3-і аралығында Оңтүстік Қазақстан облысының күндері өткізіледі. 

 

Ғани ҚАЛМАХАНОВ

Хабарламаларға жазылу