«Қазақстан» Ұлттық телеарнасы EXPO-2017 көрмесінің ашылу салтанатын тікелей эфирде көрсетеді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Қазақстан» Ұлттық телеарнасы EXPO-2017 көрмесінің ашылу салтанатын тікелей эфирде көрсетеді

09.06.2017

Бүгін Астана уақытымен сағат 19:15-те «EXPO-2017: Болашақ энергиясы» Халықаралық көрмесінің ашылу салтанаты өтеді. «Қазақстан» Ұлттық телеарнасы шараны тікелей эфир арқылы көрсетеді.

Ашылу рәсіміне 17 мемлекеттің басшылары  мен үкімет жетекшілері, 100-ден астам мемлекет өкілдері, кәсіпорындар мен ұйымдардың қызметкерлері қатысады. Ұйымдастырушылардың мәліметтері бойынша, көрмеге жалпы 2,4 миллион адам келмек. Олардың 15 пайызы - шетелдік туристтер. Кешен аумағы 25 гектарды құрайды.

Естеріңізге саламыз, көрме 10 маусым мен 10 қыркүйек аралығында өтеді. ЕХРО-2017 ТМД елдерінде өтетін алғашқы көрме болмақ.

 

Хабарламаларға жазылу