«Қазақстан» РТРК» АҚ Басқарма төрағасы Ерлан Қарин Джеки Чанға «EXPO-2017» көрмесіне билет тарту етті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Қазақстан» РТРК» АҚ Басқарма төрағасы Ерлан Қарин Джеки Чанға «EXPO-2017» көрмесіне билет тарту етті

07.06.2017
«Қазақстан» РТРК» АҚ Басқарма төрағасы Ерлан Қарин Джеки Чанға «EXPO-2017» көрмесіне билет тарту етті

Бүгін елордадағы «Қазмедиа» орталығында Қытай киносы фестивалінің ашылу салтанаты өтті. Басты қонақ – аңызға айналған актер Джеки Чан.

Шараның бас ұйымдастырушылары  - «Қазақстан» республикалық телерадиокорпорациясы мен ҚХР Баспасөз, баспа, радио, кино  және телевизия ісі жөніндегі мемлекеттік басқармасы. 

Жиын барысында «Қазақстан» РТРК» АҚ Басқарма төрағасы Ерлан Қарин Джеки Чан мен ҚХР Баспасөз, баспа, радио, кино  және телевизия ісі жөніндегі мемлекеттік басқармасының төрағасы, ССTV президенті Не Чэньсиге «EXPO-2017» халықаралық көрмесіне билет тарту етті.

Айта кетейік, Қытай киносы фестивалі Астанада 7-18 маусым аралығында өтеді. Елордалықтар мен қала қонақтары фестиваль аясында «Іле өзені», «Шынайы махаббат», «Гүлім», «Қатерлі ісік мырза, кетіңіз», «Қасқыр тотемі» сынды туындыларды тамашалай алады. Фестиваль аясында ұсынылатын фильмдер «MEGA Silk Way» сауда орталығы «Chaplin» кинотаеатрында  көрсетіледі.

Хабарламаларға жазылу