«Қазақстан» РТРК» АҚ - ЭКСПО-2017 хост-бродкастері - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Қазақстан» РТРК» АҚ - ЭКСПО-2017 хост-бродкастері

20.05.2017
«Қазақстан» РТРК» АҚ - ЭКСПО-2017 хост-бродкастері

Астана қаласындағы «ЭКСПО-2017» Халықаралық мамандандырылған көрмесінің ресми хост-бродкастері «Қазақстан» РТРК» АҚ болды.

 

Хост-бродкастер барлық 93 күн бойы көрме аумағынан телевидение және радио арқылы хабар тарататын болады. Барынша көп аудиторияны тарту мақсатында «Қазақстан» телеарнасы көрменің алғашқы күнінен бастап, халықаралық шара өз жұмысын аяқтағанша тікелей эфирде трансляция жүргізетін болады. Телевизиялық сигнал алдын ала берілген өтінімдер бойынша көрменің медиаорталығына, ҚМО және шетелдік ақпарат құралдарына беріліп отырады.

 

Күн сайын Халықаралық көрме аумағында 10 және 5 камера жұмылдырылған 4 ЖТС (жылжымалы телевизия стансалары), 2 МСС (мобильдік спутник стансалары), жылжымалы кейстер базасындағы 4 ЖТС жұмыс істейтін болады. Жалпы, ЭКСПО-2017 ақпараттық сүйемелдеуді ұйымдастыруға «Қазақстан» РТРК» АҚ барлық техникасы мен 146 техникалық қызметкері жұмылдырылады.

 

Айта кетерлігі, live-режимде шараның ашылуы салтанатынан хабар таратуға бірнеше еуропалық және америкалық арналар өтінімдерін алдын ала беріп қойды.

 

«Астана «ЭКСПО-2017» бродкастингін ұйымдастырудағы басты ерекшелік – тиісті аймақтық телеарналардан бастап, халықаралық телеарналардың барлығы Көрмедегі «картинаны» тегін пайдалана алатын болады.

 

«Астана «ЭКСПО-2017» ҰК» АҚ мен «Қазақстан» РТРК» АҚ арасында тиісті келісімшартқа 2017 жылғы 2 мамырда қол қойылды.

Хабарламаларға жазылу