ЭКСПО-2017 көрмесі аясында Астанада 50 елдің кардиохирургтары бас қосады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

ЭКСПО-2017 көрмесі аясында Астанада 50 елдің кардиохирургтары бас қосады

19.05.2017
ЭКСПО-2017 көрмесі аясында Астанада 50 елдің кардиохирургтары бас қосады

Әлемнің 50 елінің кардиохирургтары ЭКСПО-2017 көрмесі шеңберінде өтетін Халықаралық конгреске жиналады, деп хабарлайды компанияның ресми сайты.

Бүкіләлемдік кардиоваскулярлы және торакалды хирургтер қауымдастығының 27-ші «WSCTS-2017» конгресі Астана қаласында 1-3 қыркүйек күндері өтетін болады.

«Жыл сайын WSCTS ұйымдастырушы комитеті келесі үш жылға конгрестің өткізу орнын дауысқа салу арқылы таңдап отырады.

Айта кетерлік жайт, Қазақстан - посткеңестік кеңістігіндегі WSCTS Конгресін қабылдап отырған алғашқы ел.  Конгресс әлемнің 50 елінен келетін 1 мыңнан астам кәсіпқой маманның басын қосатын ауқымды алаңға айналады. Қатысушыларды қызу пікірталастар, дүниежүзінің 50 жетекші кардиоторакалды хирургінің шеберлік сабақтары және дәрістері күтуде», - делінген таратылған хабарламада.

Хабарламаларға жазылу