Әлемнің 50 елінің кардиохирургтары ЭКСПО-2017 көрмесі шеңберінде өтетін Халықаралық конгреске жиналады, деп хабарлайды компанияның ресми сайты.
Бүкіләлемдік кардиоваскулярлы және торакалды хирургтер қауымдастығының 27-ші «WSCTS-2017» конгресі Астана қаласында 1-3 қыркүйек күндері өтетін болады.
«Жыл сайын WSCTS ұйымдастырушы комитеті келесі үш жылға конгрестің өткізу орнын дауысқа салу арқылы таңдап отырады.
Айта кетерлік жайт, Қазақстан - посткеңестік кеңістігіндегі WSCTS Конгресін қабылдап отырған алғашқы ел. Конгресс әлемнің 50 елінен келетін 1 мыңнан астам кәсіпқой маманның басын қосатын ауқымды алаңға айналады. Қатысушыларды қызу пікірталастар, дүниежүзінің 50 жетекші кардиоторакалды хирургінің шеберлік сабақтары және дәрістері күтуде», - делінген таратылған хабарламада.