Қазақстан халқы достығының EXPO көрмесіне арналған фестивалі өтті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қазақстан халқы достығының EXPO көрмесіне арналған фестивалі өтті

14.04.2017

«Қазақстан – біздің ортақ үйіміз!». Осындай атаумен Қазақстан халқы достығының қалалық  ХVІІІ фестивалі өтті. Мәдени шара «ЭКСПО-2017» халықаралық көрмесіне орай ұйымдастырылған. Онда 7 аталым бойынша 20 этномәдени бірлестік өкілдері өнер көрсетті.

 

Биылғы шараның ерекшелігі - «EXPOLIVE - болашақ киімі» атты жаңа аталым қосылды. Ол бойынша қолөнер шеберлерінің түрлі материалдан жасалған киім үлгілері таныстырылды. Сонымен қатар, «Болашақтың энергиясы - балалар көзімен» атты көркемөнер көрмесі де ұйымдастырылды. 

 

Назым ҚАЙРАТ

Хабарламаларға жазылу