Нұрсұлтан Назарбаев түрік компанияларын EXPO-2017 көрмесіне қатысуға шақырды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Нұрсұлтан Назарбаев түрік компанияларын EXPO-2017 көрмесіне қатысуға шақырды

15.04.2016
Нұрсұлтан Назарбаев түрік компанияларын  EXPO-2017 көрмесіне қатысуға шақырды

Қазақстан Президенті Түркияға сапарында сол елдің холдингтері және компанияларының басшыларымен кездесті. Қазіргі кезде елімізде түрік капиталының үлесі бар 1600-ден аса компания жұмыс істейтініне, сондай-ақ, Түркияның 15 мыңға жуық азаматы тұрып жатқанына назар аударды.

Нұрсұлтан Назарбаев «Нұрлы жолдың» және Үдемелі индустриялық-инновациялық даму бағдарламасының мүмкіндіктерін түрік компаниялары да тиімді пайдалана алатынына сенім білдірді.

Сонымен қатар, Елбасы түрік компанияларын алдағы EXPO-2017 көрмесіне қатысуға шақырды. Мемлекет басшысы кездесу барысында айтылған барлық ұсыныстар мен бастамаларға қолдау білдіре отырып, Түркия бизнесмендерінің қызметіне біздің елде жан-жақты қолдау көрсетілетінін атап айтты.

Хабарламаларға жазылу