Түркия EXPO-2017 көрмесіне жан-жақты қолдау көрсетуге дайын - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Түркия EXPO-2017 көрмесіне жан-жақты қолдау көрсетуге дайын

16.02.2016
Түркия EXPO-2017 көрмесіне жан-жақты қолдау көрсетуге дайын
Бұл туралы Анкарада өткен «Астана EXPO» жиынында айтылды.

Түркия тарапы Астанада өтетін EXPO-2017 көрмесіне жан-жақты қолдау көрсетуге дайын. Бұл туралы Анкарада «Башкент» университетінің ұйымдастыруымен өткен «Астана EXPO» жиынында айтылды.

Басқосуға түрік елінің кәсіпкерлері, құрылыс компаниясының жетекшілері мен холдинг басшылары қатысты. Олар бұдан былай халықаралық жәрмеңкеге қатысты өз ұсыныстары мен пікірлерін Түркиядағы елшілігіміз арқылы жеткізетін болды.

Шара барысында EXPO-да халыққа қызмет көрсететін ғимараттар жайы да пысықталды.

Бақытжан ОМАР

Хабарламаларға жазылу