«ЭКСПО-2017» халықаралық көрмесіне 48 мемлекет және 10 халықаралық ұйым қатысады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«ЭКСПО-2017» халықаралық көрмесіне 48 мемлекет және 10 халықаралық ұйым қатысады

07.10.2015
 «ЭКСПО-2017» халықаралық көрмесіне 48 мемлекет және 10 халықаралық ұйым қатысады

Келесі жылдың маусым айына дейін көрмеге қатысатын елдердің санын 100-ге жеткізу жоспарланған. Ол үшін ақпарттық насихатты күшейту қажет,-дейді мамандар. Онымен бірге Қазақстанның көрікті жерлері жарнамаланып, туризм саласы жаңғырады. 

Сондай-ақ, Сыртқы істер министрі Ерлан Ыдырысов халықаралық көрмелер бюросының бас хатшысы Висенте Лоссерталеспен кездесті. Басқосу барысында министр «ЭКСПО» көрмесінің сәтті өтуі үшін Қазақстан тарапының атқарып жатқан жұмыстарды жеткізді. Шараға шетелдік қатысушыларды тарту бойынша түзілген жоспармен таныстырды.

БҰҰ-ның мәртебелі мінберінде айтқан Елбасының ұсыныстары мен ЭКСПО аясында Астанада «жасыл» технология мен инвестициялық жобаларды дамыту орталығының ашылу жөнінде пікір алмасты.

Сәкен СЕЙІТХАНҰЛЫ

Хабарламаларға жазылу