Ертең елімізде «Халық маркасы» байқауына дауыс беру басталады. Қазақстандық тұтынушылар бір ай бойы ең үздік отандық өндірушіні онлайн дауыс беру арқылы анықтайды.
Қатысушылар 30 аталым бойынша іріктеліп, жеңімпаз EXPO-2017 мен Миландағы EXPO-2015 халықаралық көрмесіне жолдама алады. Одан бөлек, өндіруші өз тауарларының сыртына «Халық маркасы» белгісін қойдыру мүмкіндігіне ие болады.
Ұйымдастырушылардың айтуынша, байқауға қатысуға 70-ке жуық тауар өндіруші ниет білдірген.
Айдана ҮСЕНБАЙ