Гүлшара Әбіқалықова «Астана EXPO-2017» Ұлттық компаниясымен ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Гүлшара Әбіқалықова «Астана EXPO-2017» Ұлттық компаниясымен ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды

20.05.2015
Гүлшара Әбіқалықова «Астана EXPO-2017» Ұлттық компаниясымен ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды

Мемлекеттік хатшы, Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі Ұлттық комиссияның төрайымы Гүлшара Әбіқалықова «Астана EXPO-2017» Ұлттық компаниясымен ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды.

Енді алдағы болатын ауқымды көрмеге түрлі кәсіппен, жасыл және инновациялық энергия жинақтаушы технологиялармен айналысатын әйелдер қауымдастықтары да атсалысатын болады.

Мемлекеттік хатшы осы мемарандум «жасыл» экономиканы, әйелдер кәсіпкерлігін дамытуға инвестиция тартуға және жаңа жұмыс орындарын ашуға мүмкіндік беретінін атап өтті. Айта кетейік, еліміздің тұрғындарының 9 миллионнан астамы - әйелдер.  

 

Айбар ТӨЛЖАНҰЛЫ

Хабарламаларға жазылу