5 мамыр күні «Астана EXPO-2017» Ұлттық компаниясының ұйымдастыруымен Ақмола облысы, Аршалы ауданы, Вячеславка ауылындағы Вячеслав орта мектебінің аумағында «EXPO бағы» отырғызылады.
Ағаш отырғызу шарасына «Астана EXPO-2017» ҰК» АҚ басшылығы, Ұлыбританияның Қазақстандағы елшілігінің өкілдері, Қазақстан Республикасы Парламент депутаттары, Аршалы ауданының әкімдігі, ДШБ 68665 ә/б әскери қызметкерлері, II дүниежүзілік соғыс ардагерлері, Аршалы ауданының құрметті азаматтары, сондай-ақ, Вячеслав орта мектебінің оқушылары мен мұғалімдері қатысады.
Шара соңында Вячеслав мектебінің оқушыларына «EXPO бағын сақтаушы» сертификаттары табысталады.
Айта кетейік, шара Жеңістің 70 жылдығына және «Астана EXPO-2017» халықаралық мамандандырылған көрмесіне орай ұйымдастырылмақ.
ФОТО: www.7dach.ru