Нидерландтық кәсіпкерлер «EXPO-2017» көрмесіне белсене қатысуға ниет білдіруде - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Нидерландтық кәсіпкерлер «EXPO-2017» көрмесіне белсене қатысуға ниет білдіруде

10.03.2015
Нидерландтық кәсіпкерлер «EXPO-2017» көрмесіне белсене қатысуға ниет білдіруде

EXPO-2017 халықаралық мамандандырылған көрмесінің комиссары Рәпіл Жошыбаев Нидерланд Корольдігіне арнайы сапарлап, ел үкіметі мен кәсіпкерлерін Астанада өтетін көрмеге шақырды.

Қазақстандағы инвестициялық ахуалдың қолайлы екенін жақсы білетін «Shell» компаниясының басшылығы Астанада өтетін көрмеде инновациялық жетістіктерін паш етпек.

Көрмелерге көрікті павильон тұрғызудың шебері саналатын «EXPO pavilion group» компаниясының өкілдері де маңызды шарадан шет қалмаймыз дейді.

 

Нұрсұлу ҚАСЫМ

Хабарламаларға жазылу