Елордалық тұрғын ЕХРО-2017 көрмесіне орай ойнатылған лотереядан 11 миллион теңге ұтты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Елордалық тұрғын ЕХРО-2017 көрмесіне орай ойнатылған лотереядан 11 миллион теңге ұтты

27.11.2014
Елордалық тұрғын ЕХРО-2017 көрмесіне орай ойнатылған лотереядан 11 миллион теңге ұтты

«EXPOLOTTO 36-ның ішіндегі 5-еу» ойынында Астана тұрғыны 11 миллион теңгеден астам соманы,  Алматы тұрғыны 1,6 миллион теңге ұтып алды.

EXPOLOTTO ұлттық лотереясы –  мемлекеттік міндеттерді көздейтін ұлттық ауқымдағы тұңғыш лотерея жобасы.

Мақсат - көрмені дәріптеу, қаржыландырудың бюджеттен тыс көздерін арттыру арқылы коммерциялауды көтеру, елімізде лотерея нарығын дамыту.

Одан түскен қаражат EXPO-2017 павильондар құрылысына және осы көрмені ұйымдастырумен байланысты басқа да мақсаттарға жұмсалмақ.

Ұйымдастырушы - «Астана ЭКСПО-2017 Ұлттық лотереясы» ЖШС.

Лотереялық ұтыстарды өткізудің ашықтығын және оған бақылау жүргізуді «Астана ЭКСПО-2017» Ұлттық компаниясы қамтамасыз етеді.

EXPO-ны қолдау мақсатында мұндай лотереялар 2008 жылы Сарогос қаласында (Испания), 2010 жылы Шанхайда (ҚХР) өткізілген. Сондай-ақ, 2015 жылы Милан қаласында (Италия) өтетін Дүниежүзілік көрменің тіркеу құжаттамасында мәлімделген.

expo2017astana.com

Хабарламаларға жазылу