Астанадағы мейрамхана қызметкерлері ЕХРО-2017 қарсаңында ағылшын тілін меңгереді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Астанадағы мейрамхана қызметкерлері ЕХРО-2017 қарсаңында ағылшын тілін меңгереді

21.10.2014
Астанадағы мейрамхана қызметкерлері ЕХРО-2017 қарсаңында ағылшын тілін меңгереді

Астана қаласы әкімдігінің жанынан құрылған «ЕХРО-2017 халықаралық мамандандырылған көрмесіне дайындық және оны өткізу дирекциясы» қалалық қоғамдық тамақтану және қонақүй қорларының көрмеге қаншалықты дайын екенін, олардағы қызмет көрсету деңгейлері мен техникалық жағдайларын анықтау мақсатында түгендеу жүргізді.

«ЕХРО-2017 халықаралық мамандандырылған көрмесіне дайындық және оны өткізу дирекциясы» ЖШС директоры Бауыржан Жансейітовтың айтуынша, қазіргі кезде Астанада 166 қонақүй жұмыс істейді.

Оның ішінде 5-еуі бесжұлдызды, 19-ы төртжұлдызды, 19-ы үшжұлдызды. Қалған 123 қонақүй аталған санаттарға сай келмейді.

2017 жылға қарай қосымша 43 жаңа қонақүй салынбақ.

Бүгінде Астананың үш ауданында 611 қоғамдық тамақтану орны қызмет етеді. 

  Бауыржан Жансейітов мейрамхана, дәмхана және қонақүй қызметкерлері шетел азаматтарымен еркін сөйлесе алатындай, меншік иелері қызметкерлерді оқытуға баса назар аудару керек екенін атап өтті.

Осы мақсатта біліктілікті арттыру курстары ұйымдастырылатынын жеткізді.  

Сонымен қатар, ағылшын тілін ас мәзіріне және ақпараттық таблоларға енгізу мәселесі қолға алынбақ, деп хабарлайды қалалық әкімдіктің баспасөз қызметі.

Хабарламаларға жазылу