Ұлттық компания бірнеше келісімшартты бекітті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ұлттық компания бірнеше келісімшартты бекітті

09.10.2014
Ұлттық компания бірнеше келісімшартты бекітті

Бүгін «ЭКСПО-2017» Ұлттық компаниясы мен «Парасат» Ұлттық ғылыми-технологиялық холдингінің арасында екіжақты келісімшарт бекіді. Құнды құжат екі алыптың арасындағы ынтымақтастықты арттырып, көрмеге қажетті жобаларды жүзеге асыруға мүмкіндік береді.

Қазірдің өзінде холдинг күн және жел энергетикасы бағыттары бойынша түзілген 20-ға жуық бағдарламаны қолға алды. Бұдан бөлек, Ұлттық Компания төрағасы Талғат Ермегияев Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігімен де  келісімшартқа отырды. Қос тарап көрмеде жоспарланған жұмыстарды жұмыла отырып жүзеге асыруды көздейді.

Айдана ҮСЕНБАЙ

Хабарламаларға жазылу