EXPO - пікірталас арқауына айналды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

EXPO - пікірталас арқауына айналды

08.10.2013
EXPO - пікірталас арқауына айналды
Халықаралық EXPO көрмесінің   мемлекет үшін тиімділігі неде? Бүгін аға буын мен жастар арасында осы тақырыпта қызу пікірталас өрбіді.
 
Екі тарап халықаралық көрменің экономикалық артықшылықтарын түрлі аргументтермен, нақты сандармен   дәлелдеп беруге тырысты. Баламалы энергия көздеріне көшу - инновацияны жаңа   технологияны кіріктірумен   маңызды деген топшылау жасады.
 
Әрбір пікірталасқа қатысушыға 6 минут уақыт бөлінген. Екі жақ бірін-бірі тыңдай отырып, қарымта сұрақтар да қойды. Бірақ пікірталас соңында - тараптар ел үшін үлкен имидждік маңызы бар шараны өткізудің артықшылығы көбірек екенін мойындау керек деген ортақ оймен тарқасты.
 
Арғын Кентбеков, пікірсайысшы:
Баламалы энергия көзі экономикаға тиімді. Ол туристер көзін ашады, бұл мәселеге Қазақстанның көзі ашылады. Біздер жастар осы шараға тиімді араласып, дайындалып жатырмыз.
 
Жайнагүл ТӨЛЕМІС

Хабарламаларға жазылу