EXPO-2017 туралы түсіндірме жұмыстары басталады
EXPO-2017 халықаралық көрмесі жайында елді мекендерге түсіндіру жұмыстары басталмақ. Бұл туралы бүгін «Жасыл ел» жастар еңбек жасағының республикалық слетінде айтылды.
Арқа төріндегі жиынға еліміздің барлық аймақтарынан белсенді еңбеккерлер жиылды. EXPO-2017 Ұлттық басқармасының мамандары 100-ден аса «Жасыл ел» жасақтарына көрме туралы толыққанды мәлімет берді.
Яғни, EXPO-ның тарихын айтты. Пайдасы мен мақсатын түсіндірді. Айта кетейік, түсіндірме жұмыстарына барлық өңірден 1000-нан аса жас жұмылдырылмақ.
Жасұлан Алдабергенов, «Жасыл ел» еңбек жасақтарының жетекшісі /Қызылорда/:
EXPO-ның пайдасы өте көп. Өйткені, қазақтың жерлерін көрсетеміз. «Болашақтың энергиясы» деп аталады екен. Күннен, желден қандай энергия аламыз және пайдасы не? Қазақстанды бүкіл әлемге таныстырып, өзіміздің байлықтарымызды, жерімізді көрсетеміз. Бұл семинар-тренингтен үйренгенімізді өзіміздің өңірлерде жүзеге асыратын боламыз.
Сәкен СЕЙІТХАНҰЛЫ
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Әлем таныған ақын
18.05.2026, 20:58
«Музей түні – 2026»: Тарих пен мәдениет тоғысқан кеш
18.05.2026, 20:57
Қазақстан музейлері халықаралық ынтымақтастықты күшейтпек
18.05.2026, 20:54
LRT: Мамандар қауіпсіздік ережесін сақтауды ескертті
18.05.2026, 20:14
Отбасын қолдау орталықтарының жұмысы жаңа форматқа көшеді
18.05.2026, 20:12
Күдікті Сұлтан Сәрсемәлиевке 13 бап бойынша айып тағылды
18.05.2026, 20:10
ДДСҰ эболаның өршуіне байланысты төтенше жағдай жариялады
18.05.2026, 20:09
Емханаға тіркелу ережесі өзгереді
18.05.2026, 20:07