Серікқазы Кәкібаланов: Баламыз үйде, қылығы интернетте болып тұр - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Серікқазы Кәкібаланов: Баламыз үйде, қылығы интернетте болып тұр

02.05.2017

Бүгін Парламентте баланың дамуына зардап тигізетін ақпараттан қорғауды көздейтін заң жобалары таныстырылды.

 

Осыған орай Ұлттық арнаның «Басты тақырып» бағдарламасы «Ел болам десең, интернетіңді түзе» тақырыбын қозғады. Студия қонағы -  «Ұлттық интернет» ассоциациясының президенті Серікқазы Кәкібаланов.

 

«Баланы интернеттегі қауіпті ақпараттан қалай қорғай аламыз?» деген  - өте қиын сұрақ. Қазіргі жағдайды бұрынғымен салыстыруға мүлдем келмейді. Баламыз үйде, қылығы интернетте болып тұр. Оның желіде кімдермен араласып жүргенін біле алмаймыз. Бұл жағынан алып Американың өзі интернетті реттей алмай отыр. Сондықтан, бір жақты айтып, бір күнде шешіп тастау - өте қиын мәселе. Заңның Парламентте көтерілуі өте орынды әрекет. Бірақ, оны жан-жақты талқыдан өткізу қажет. Ең бастысы, бұл шаралар билік тарапынан науқаншылдыққа айналып кетпеуі керек», дейді сарапшы. 

 

Қазақша контент неге жұтаң? Олқылықтың орнын қалай толтырамыз? Бұл бағытта кімдер жұмыс істеуі керек? Заңға қайшы контенттермен жұмыс қалай жүріп жатыр?

 

Студия қонағы бұл сауалдарға қатысты «Заңғы қайшы сайттарды жабу тұрақты түрде жүргізіліп келеді. Бірақ, бәрібір електен өтіп кетеді. Әсіресе, әлеуметтік желіні бақылау өте қиын. Бүгінгі заң жобасы да осы мәселеден шығып отыр», деген пікірін білдірді.

 

Толығырақ:  

Хабарламаларға жазылу