ШҚО әкімдігінің кадр қызметі автоматты жүйеге көшірілді

28.01.2019

Соның арқасында бұрын 30 адамға жүк болған іс-қағаздар жұмысын енді екі-ақ оператор атқаратын болды. Мұндай тәжірибе шет елдерден алынған. Дамыған мемлекеттерде кадр бөліміндегі 1 адам 500-ден 2000-ға дейін мемлекеттік қызметкердің ісін басқарады. Пилоттық жобаның бірінші кезеңі нәтижелі болғандықтан, бірыңғай персоналды басқарудың автоматты жүйесін Шығыс Қазақстан, Атырау және Астана қаласының әкімдіктерінде еңгізу көзделген.

Ғалымжан Жалмұрзаев, «Мемлекеттік қызмет персоналын басқару ұлттық орталығы» АҚ дирекция басшысы:

- Кадр қызметкерінің жұмысы техникалық жұмыстардан арылып, стратегиялық мәселелерге мән беретін болады. Олар мемлекеттік органға қанша кадр керек екенін жоспарлау, қызметкерлерге мотивациялық жағдай жасау.

Берік КӨШЕРБАЙ

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу