«Цифрлық Қазақстан» бағдарламасы экономикаға 58,3 млрд. теңге пайда әкелуі тиіс

10.12.2018

Бүгін Мәжіліс депутаттары Елбасының «Цифрлық Қазақстан»  бағдарламасын заңнамалық жағынан толық қамтамасыз етті. Бұл бағдарлама экономикаға шамамен 58,3 млрд. теңге пайда әкелуі тиіс. Үкімет сағатында осы мәселе талқыланды.

Бүгін цифрландыру саласы дүниежүзі бойынша өте ауқымды трендке айналып отыр. Қазіргі кезеңде әлем елдерінің даму көрсеткіштері де осы саламен бағаланады.

Бүгінгі күні дамыған елдер технологиялық жарысты жандандырып, цифрлық тәртіпті белсенді түрде қабылдауға көшті. Ақпарат және коммуникациялар министрі Дәурен Абаевтың айтуынша, тек Еуроодақ елдерінің өзінде 2017 жылы өнеркәсіптік цифрландыру бағыты бойынша 30-ға жуық ұлттық және аймақтық бастама қолға алынған. 

Сондай-ақ, депутаттар миллиондаған қазақстандық Жаңа жыл түнінде туған-туыстарын құттықтай алмай қала ма деп сұрақ қойды. Ұялы телефонды тіркеу үшін 12 ай уақыт берілген еді. Қазір  қазақстандықтардың тең жартысынан астамы ғана тіркеуден өткен. Бірақ, Дәурен Абаев елімізде халық саны 18 млн. болғанымен, абоненттер саны одан көп екеніне мән берді. Демек, әрбір тұрғында 2-3 сим-картадан бар. Сондықтан, бүгінде абоненттердің 70 пайызы тіркелуі тиіс. Дегенмен, бұл мәселе министрліктің күнделікті бақылауында. Бұл қылмыстың алдын алуға мүмкіндік береді. Өйткені, жастарға қатысты қылмыстың 80 пайызы телефонға байланысты. 

Индира БЕГАЙДАР 

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу