Атыраулық оқушылар электронды кітап оқуға мүмкіндік алды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Атыраулық оқушылар электронды кітап оқуға мүмкіндік алды

07.12.2018

Қанат қақты бастама «Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы аясында жүзеге асуда. Әзірге бұл оқулықтар аймақтағы екі мектепте ғана бар.  Мұнда «Абайдың қара сөздерінен бастап, «Абай жолының» 3 томы, шетел жазушыларының туындыларынан тұратын 76 кітап қойылған.  Электронды кітаппен қоса, «Туған жер» бағдарламасы негізінде еліміздің тарихы мен мәдениетінен сыр шертетін Қазақстан картасы жасақталған. Жүйе ай сайын жаңарып отырады. Кез келген оқушы арнайы кодты ұялы телефонына енгізу арқылы өзіне қажетті мағлұматты оқи алады. 

Дария Төреғали, оқушы:

- Электронды кітап өте пайдалы. Себебі, білмегенімізді қоңырау кезінде қарай аламыз.

Болатбай Нұрқалиев, Атырау қалалық А.Чехов атындағы орта мектептің директоры:

- Біз тағы да 150-ден аса ағылшын, орыс тіліндегі электронды әдебиетті жаңғыртып, осында орналастырамыз.

Жандос ТЕМІРҒАЛИ

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу