Алматыда хакатон жобалар байқауы жарияланды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алматыда хакатон жобалар байқауы жарияланды

06.11.2018

Алматыда Қазақстан мен Франция елдерінің арасындағы іскерлік қарым-қатынасты арттыру үшін хакатон жобалар байқауы жарияланды. Сандық технологияны дамытуға арналған бастама «Цифрлы күз» бағдарламасының аясында қолға алынған. Қатысушылар зор табысқа кенеліп, ілкімді ісімен танылған кәсіпорындардың іргелі істерінің сандық баламасын жасайды. Оған 48 сағат уақыт беріледі. Маркетологтар мен программистердің жобалары кәсіпорындардың талаптарына сай келсе, істің тиімділігін арттыратын жобалар жүзеге асады. «Сондықтан, бұл жаңаша ойлайтын жастарға өз идеяларын жүзеге асыруға зор мүмкіндік», - дейді мамандар. 

Алина Ачилова, Хакатон жобалар байқауына қатысушы:

- Хакатон дегеніміз табысты істер мен идеяларды жүзеге асыру үшін және де «Цифрлы Қазақстанды» дамыту үшін жасалып жатқан іс-шара. Хакатонның арқасында көптеген жаңа технологияларды енгіземіз.

 

Нұрлан АСҚАРҰЛЫ

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу