Елбасы Үкіметке «Цифрлық Қазақстан» жеке бағдарламасын әзірлеуді және қабылдауды тапсырды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Елбасы Үкіметке «Цифрлық Қазақстан» жеке бағдарламасын әзірлеуді және қабылдауды тапсырды

31.01.2017

Бүгін бұқаралық ақпарат құралдарында Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты дәстүрлі жолдауы жарық көрді.

Биылғы жолдауда Елбасы үшінші жаңғыру арқылы еліміздің даму болашағын айқындайтын бес басымдықты атап өткен. Бірншісі - экономиканың жеделдетілген технологиялық жаңғыртылуы. Осыған орай, Президент Үкіметке «Цифрлық Қазақстан» жеке бағдарламасын әзірлеуді және қабылдауды тапсырды. Екінші басымдық – бизнес-ортаны түбегейлі жақсарту және кеңейту. Үшінші басымдық – макроэкономикалық тұрақтылық. Төртінші басымдық – адами капитал сапасын жақсарту және бесінші басымдық – институционалдық өзгерістерге, қауіпсіздікке және сыбайлас жемқорлықпен күреске қатысты. Осы бағыттарды жүзеге асыру үшін Президент Үкіметке «Қазақстанның ұлттық технологиялық бастамасы» деп аталатын Елді үшінші жаңғырту жөніндегі 2025 жылға дейінгі дамудың стратегиялық жоспарын әзірлеуді тапсырды.

Хабарламаларға жазылу