Атырауда «Жас агро» жобасы жүзеге асады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Атырауда «Жас агро» жобасы жүзеге асады

26.05.2016
Атырауда «Жас агро» жобасы жүзеге асады
Атырауда көп ұзамай «Жас агро» жобасы жүзеге асады. Соған сәйкес, жастарды ауыл шаруашылығы мамандықтарына кеңінен тарту қолға алынбақшы.

Осы бағытта қаладағы Аграрлы-техникалық колледжімен бірлесіп, Геолог елді мекеніндегі 4 гектар жерге егін егу жұмыстары басталып кетті. Әзірге алқапта 10-нан астам студент еңбек етуде. Бұл туралы облыстық жастар саясаты басқармасы және қоғамдық бірлестіктердің қатысуымен өткен брифингте айтылды. Жалпы, еңбек ететін жастарға тамақ, жатақхана мен көлікпен тасымалдау мәселесі толық шешімін тапқан. Айта кетейік, биыл Атырау облысында 2679 жас жұмыспен қамтылады. Соның 600-і «Жасыл ел» бағдарламасы бойынша жазғы демалыстарын тиімді өткізбек.


Айдос ҚАРАБАЛА

Хабарламаларға жазылу