Солтүстік Қазақстан облысында «Қолжетімді баспана-2020» бағдарламасы қарқынды жүруде - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Солтүстік Қазақстан облысында «Қолжетімді баспана-2020» бағдарламасы қарқынды жүруде

12.01.2015
Солтүстік Қазақстан облысында «Қолжетімді баспана-2020» бағдарламасы қарқынды жүруде

Бұған қоса 100-ден астам отбасы ипотекалық баспанаға қол жеткізді.

2014 жылы Петропавл қаласында 8 көпқабатты үй пайдалануға берілді. Оның 4-і «Жас отбасы» бағдарламасы аясында болса, екеуі жалдамалы-коммуналдық үйлер.

Петропавл қаласындағы «Береке» ықшам ауданы соңғы 4 жылдың ішінде ғана пайда болды.

Қазір бұл ауданда 10-нан астам жаңа үйлер бой көтерді. Құрылыс әлі де тоқтаған жоқ. Мамандардың айтуынша, алдағы 10 жылдың ішінде бұл ең ірі аймақтардың біріне айналады.

 

Сағындық СӘБИТҰЛЫ

Хабарламаларға жазылу