Қытай Латын Америкасына 250 миллиард доллар инвестиция құймақ - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қытай Латын Америкасына 250 миллиард доллар инвестиция құймақ

09.01.2015
Қытай Латын Америкасына 250 миллиард доллар инвестиция құймақ

Латын Америкасы және Кариб бассейні елдері қауымдастығының отырысына қатысқан Қытай Халық Республикасының төрағасы Си Цзиньпин 2020 жылға дейін аталмыш елдердің экономикасына 250 миллиард доллар инвестиция құятынын айтты.

Келесі онжылдықта қаржылық қолдаудың көлемін 500 миллиард долларға дейін жеткізуді жоспарлағанын жеткізді.

Өткен жылдың қазан айынан бері Қытай тарапы Аргентинаға 2 миллиард 300 миллион доллар қаржы құйған.

Ал, өткен айда Венесуэла экономикасына 4 миллиард доллар инвестиция салған.

 

Нартай АРАЛБАЙҰЛЫ

Хабарламаларға жазылу