Астанада асыл тұқымды малдар аукционы өтті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Астанада асыл тұқымды малдар аукционы өтті

28.10.2015
Астанада асыл тұқымды малдар аукционы өтті
Аукционға салмағы 700 келі болатын «Қайсар» және 330 келі тартатын «Найза» атты абердин-ангус асыл тұқымды бұқасы қойылды.

Ұйымдастырушылар, «енді шаруаларға халықаралық талаптарға сәйкес келетін асыл тұқымды малдарды өзімізден де сатып алу мүмкіндігі туды», деп отыр. Қазір елімізде бұқаның осы түрін өсірумен айналысатын шаруашылық саны елуден асқан.

Ет экспортын арттыруға бағытталған мемлекет бағдарламасы бойынша да сырттан әкелінген асыл тұқымды сиыр малының 61 пайызын ангустар құрайды. Бұл жануарлардың ерекшелігі — күй таңдамайды әрі еті құнарлы.

Ақбота БАТЫРБЕКОВА

Хабарламаларға жазылу