Отандық электромобиль сынақтан өткізіліп жатыр - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Отандық электромобиль сынақтан өткізіліп жатыр

27.10.2015
Отандық электромобиль сынақтан  өткізіліп жатыр
Отандық электромобиль сынақтан  өткізіліп жатыр

Елімізде электр қуатымен жүретін автокөліктердің өндірісі де өркендеуі мүмкін. Өскемендегі «Азия Авто» зауыты қанатқақты жоба ретінде, электрлі қозғалтқышты алғашқы көлікті шығарып да үлгерген. Бүгінде электромобильдер сынақтан өткізіліп жатыр. Мұндай автокөлікпен алғашқылардың бірі болып, біздің тілшіміз де жүріп көрді.

Еліміз бойынша ең алғашқы электромобиль «Азия Авто» зауытында өткен жылдың соңында құрастырылып қойыпты. Бірақ, бұл жаңалық жалпақ жұртқа аса жариянбаған. Электр қуатымен жүретін автокөлікті сол уақыттан бері түрлі сынақтан өткізіліп келеді. Зауыттың өкілдері осы көлікпен қыс бойы жүріп, өңірдің қытымыр аязында тексеріп көрген. Көктем мен жазда да тізгіндеген. Қазір күзгі сынақтан өткізіп жатыр. Жаңа көлік туралы толығырақ Ұлттық арнаның кешкі жаңалықтарынан көріңіздер.


Kaznews.kaztrk.kz

Хабарламаларға жазылу