Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Душанбеде өткен келелі кеңеске қатысып қайтты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Душанбеде өткен келелі кеңеске қатысып қайтты

16.06.2019

Өкінішке қарай, қазір жиһанда қақтығыс қыспағында қалып, азат басы құл болған елдер көп. Террористік топтар тұншықтырып жастанғаны жапырақ, төсеніші топырақ болған қауым қаншама?.. Сауда және санкциялық соғыстар да сүліктей сорып барады. Қысқасы, әлемдегі ахуал күрделене түсті.

 

Жаһандық сын-қатерлерге төтеп берудің жалғыз жолы – тең құқықты ынтымақтастыққа негізделген ортақ шешімге келу.

 

Кеше Тәжікстан астанасы Душанбеде 35 елдің басшылары жиналған келелі кеңес өтті. Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары кеңесіне Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев та қатысты. Бұл кеңес бүгінде жер шарындағы халықтың тең жарымын біріктіріп отырған тиімді көпқырлы құрылымға айналды. Азияның барлық дерлік елдерінен жиналған делегаттар күн тәртібіндегі пышақ жүзіндей өткір мәселелерді ортаға салып, жиын соңында Душанбе декларациясы қабылданды.

 

Осы саммит шеңберінде қазақ Президенті Түркиялық әріптесі Режеп Тайып Ердоғанмен кездесті. Екі елдің Президенттері екі жақты ынтымақтың келешек жоспарлары мен аймақтық және xалықаралық мәселелерді талқылады.

Хабарламаларға жазылу