«Әлеуметтік қамқорлық». Үкімет мүшелері оңтүстік өңірлердің халқымен кездесті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Әлеуметтік қамқорлық». Үкімет мүшелері оңтүстік өңірлердің халқымен кездесті

14.04.2019

Халықты «Әлеуметтік қамқорлық» шараларымен ақпараттандыру тобы осы аптада түстіктегі облыстарды түгел аралап шықты. Қызылорда, Түркістан, Шымкент және Тараз өңіріндегі жұртшылыққа әлеуметтік бағдарламаның әрбір тармағын тарқата түсіндірді. Көпшілік көкейінде жүрген сұрақтарға жауап алды. Аталған 4 аймақтағы ағайынның айтқан мәселесінде айырмашылық шамалы. Бір-біріне ұқсас. Бірінші кезекте - баспана мен жұмыссыздық мәселесі. Жаңа әлеуметтік бағдарламада осы екі мәселені шешудің кешенді жоспары бекітілгені белгілі. Елордадан барған билік өкілдері оның орындалу барысымен танысты. Ербол Мәндібек тарқатады.

 

Хабарламаларға жазылу