Сәрсенбіде Тұңғыш Президент – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың төрағалығымен кеңес өтті

07.04.2019

Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің Кеңсесіндегі ұйымдастыру мәселелерінің барлығы шешілді, реттелді. Ендігі қадам мойынға артылған міндеттерді арқаны кеңге салмай, кемшіліксіз орындау. Сәрсенбі күні Тұңғыш Президент – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың төрағалығымен кеңес өтті.

Жиында алдағы мақсаттар сараланып, мемлекеттік бағдарламалардың орындалу жолдары талқыланды. Жауаптылар Назарбаевқа Тұңғыш Президент – Елбасы Кеңсесінің қызметіне байланысты ұйымдастырушылық-құқықтық мәселелердің жұмысын баяндады. Сондай-ақ, кадрларды іріктеу бойынша ақпарат берді.

Барлығын тыңдап болған соң Елбасы Тұңғыш Президент Кеңсесінің алдына қойылған міндеттер уақтылы һәм сапалы орындалуы қажеттігін айрықша атап өтті. Мемлекетті одан әрі дамыту жөніндегі стратегиялық міндеттерді сапалы орындау да жауапты іс. Бұл ретте барлық органдардың жұдырықтай жұмыла жұмыс істегені ләзім, - деді Елбасы.

Хабарламаларға жазылу