Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Алматы жастарымен кездесті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Алматы жастарымен кездесті

31.03.2019

Әркез дамыл таппай, ат үстінде жүріп қалған Елбасы осы апта елордадан Алатау етегіндегі ерке қалаға тартты. Алматының жастары Нұрсұлтан Назарбаевты гүл шоқтарымен қарсы алды

Бүгінгінің белсенді буыны Тұңғыш Президентке қамқорлығы мен қолдауы, тәуелсіз Қазақстанның қалыптасуына қосқан қомақты үлесі үшін алғыстарын айтты. Белсенді буын деп отырғаным - шаһардағы іргелі де ірі жоғары оқу орындарының студенттерін біріктірген G-38 ұйымының мүшелері. Шамамен 2000 тәлімгер. Жастармен жүздескен Елбасы оларға жаңа Президентке қолдау көрсету керектігін жеткізді.

Жалпы, елімізде мемлекет қолдауын сезінбеген жас кем де кем. Мәселен, Алматыда жастардың 2020 жылға дейінгі жол картасы іске асып жатыр. Арнайы бағдарлама арқылы жас отбасылар алғашқы жарнасыз 5 пайыз несиемен жеңілдетілген ипотекаға қол жеткізе алады. Алып шаһарда былтыр бірнеше жатақхана іске қосылды. Биыл тағы 2680 орынға арналған 5 жатақхана салу жоспарда бар. Ірі қаладағы іргелі істерге рақмет айтқан жастар өнерлерін көрсетіп, Елбасымен бірге ән шырқады.

Хабарламаларға жазылу