Конституциялық Кеңес Елбасы жолдаған сауалға жауап берді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Конституциялық Кеңес Елбасы жолдаған сауалға жауап берді

17.02.2019

4 ақпан күні Президент Нұрсұлтан Назарбаев Конституцияның кей нормаларын ресми түсіндіру туралы Конституциялық Кеңеске өтініш білдірген болатын. Себебі аталған Кеңес - негізгі заңның нормаларына ресми түсіндірме беретін басты орган. Елбасы өз өтінішінде: «Қазақстан Республикасы Конституциясының 42-бабының 3-тармағында белгіленген Қазақстан Республикасы Президентінің өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтату негіздерінің тізбесі толық па?», деген сауалға тоқталған болатын. Негізгі заңға сәйкес Конституциялық Кеңес өз шешімін бір ай ішінде беруі тиіс болатын. Бірақ жедел жұмыс бастаған аталған орган 10 күннен асар-аспас уақытта жауап берді.

Халықаралық тәжірибеге, шет елдердің конституциялары мен заңнамасына, көрсетілген мәселелер бойынша ғылыми зерттеулердің нәтижелеріне және басқа да материалдарға мұқият талдау жасап барып, қорытынды шешімге келіпті. Алдыңғы күні Президенттің өтінішіне сәйкес, Конституциялық Кеңес ресми түсіндірме берді. Атап айтқанда, Конституцияның 42-бабының 3-тармағына қатысты нормативтік қаулы жарияланды.

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу