Мемлекет басшысы Парламент Мәжілісінің депутаты Бақытбек Смағұлды қабылдады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Мемлекет басшысы Парламент Мәжілісінің депутаты Бақытбек Смағұлды қабылдады

17.02.2019

Президент Кеңес әскерлерінің Ауғанстаннан шығарылғанына 30 жыл толу қарсаңында өткізілген бұл кездесудің өзіндік мәні бар екенін атап өтті. Және сол елдегі әскери іс-қимылдарға қатысқан азаматтар мен ардагерлерді айтулы күнмен құттықтады.

Сондай-ақ, Ауған соғысының ардагері Борис Керімбаевтың қайтыс болуына байланысты оның туған-туысқандарына көңіл айтты. Кездесуде Бақытбек Смағұл Президентті «Қазақстан ардагерлері» қауымдастығының атқарып жатқан жұмыстары туралы хабардар етті.

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу