ҚР Президенті Шымкент қаласының әкімі Ғабидолла Әбдірахымовты қабылдады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

ҚР Президенті Шымкент қаласының әкімі Ғабидолла Әбдірахымовты қабылдады

17.02.2019

Сәрсенбіде Ақордаға Шымкент қаласының әкімі кіріп шықты. Ғабидолла Әбдірахымов республикалық маңыздағы қала мәртебесін беру туралы шешім қабылдағаны үшін Мемлекет басшысына алғыс айтты және өткен жылда макроэкономикалық көрсеткіштердің оң нәтиже көрсеткенін баяндады.

Шымкентте былтыр 17 мыңнан астам жаңа жұмыс орны ашылған. Орташа жалақы 6 пайызға артып, 113 мың 700 теңгеге жеткен. Сондай-ақ, Әбдірахымов 19 пайыздан 5,8 пайызға дейін төмендеген жарық пен жылу және электр қуатының тарифтері туралы да ақпарат берді. Ал, Президент халықты әлеуметтік қорғау саласы мен тарифтер, жол мен коғамдық көлік мәселелерін бақылауда ұстау керектігін нығырлап тапсырды. Бұл салалар Президент Әкімшілігінің де ерекше қадағалауында екенін атап өтті.

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу