Нұрсұлтан Назарбаев «Нұр Отан» партиясы Төрағасының бірінші орынбасары Мәулен Әшімбаевты қабылдады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Нұрсұлтан Назарбаев «Нұр Отан» партиясы Төрағасының бірінші орынбасары Мәулен Әшімбаевты қабылдады

10.02.2019

Сейсенбі күні Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Нұр Отан» партиясы Төрағасының бірінші орынбасары Мәулен Әшімбаевты қабылдады. Кездесуде Мемлекет басшысына партияның биылғы ақпан айының соңында өтетін 28-съезіне дайындық барысы туралы баяндалды. Сонымен қатар, Президентке партияның 2018 жылы атқарған жұмысының қорытындылары туралы есеп берілді. Кездесу соңында Нұрсұлтан Назарбаев партияның 2030 жылға дейінгі бағдарламасын әзірлеуді тапсырды.

Дулат ЖЕКСЕНБАЙ 

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу