Мемлекет басшысының төрағалығымен Қауіпсіздік кеңесінің отырысы өтті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Мемлекет басшысының төрағалығымен Қауіпсіздік кеңесінің отырысы өтті

10.02.2019

Бейсенбі күні Мемлекет басшысының төрағалығымен Қауіпсіздік кеңесінің отырысы өтті. Жиында Ұлттық қауіпсіздік стратегиясының іске асырылу барысы мен болашаққа арналған міндеттер, сондай-ақ, Қызылорда облысының әлеуметтік-экономикалық даму мәселелері қаралды. Кеңесте Ұлттық қауіпсіздік стратегиясындағы іс-шараларды жүзеге асырудағы мемлекеттік органдардың үйлесімді іс-қимылын қамтамасыз ету маңыздылығы мен бұл салада алдын алу шараларын дер кезінде әзірлеу қажеттілігі айтылды. Жиын қорытындысы бойынша Президент бірқатар нақты тапсырма жүктеді.

Дулат АБИБУЛЛАЕВ

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу