Димаш Құдайберген Астанада «Арнау» атты жеке ән кешін өткізеді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Димаш Құдайберген Астанада «Арнау» атты жеке ән кешін өткізеді

03.02.2019

Биыл Астана күні қарсаңында Димаш Құдайберген елорда төрінде «Арнау» атты жеке шығармашылық кешін өткізетін болды. Концертте қазақстандық және шетелдік композиторлардың танымал шығармаларымен қатар, Димаштың авторлық туындылары ұсынылады. Концертте әлемдік шоулардағы технологиялар пайдаланылмақ. Жастар жылы аясында ұйымдастырылып отырған кештің негізгі ұйымдастырушысы, ақпараттық қолдаушысы - «Qazaqstan» Ұлттық арнасы. Кеш 4-5 бөлімге бөлінеді. Димаш сахнада қазақтың халық әндерімен қатар, әлемге әйгілі шығармаларды қазақ, ағылшын, француз, орыс, италиян тілдерінде шырқамақ. Тек жанды дауыста.

Сондай-ақ, 22 наурызда Димаш Мәскеудің Мемлекеттік Кремль сарайында да жеке концертін өткізбек. Ал, былтыр Ұлыбритания астанасы Лондонда Димаштың концерті дүркіреп өткен-тін. Оған әлемнің 45 елінен 3 мыңға жуық тыңдарман жиналған еді.

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу