Алматыда бірнеше ықшамаудан мен көше аты ауысты

13.01.2019

Алып Алатаудың құйқалы баурайын қоныстанған жұрт 27 шағынаудан мен 185 көшеге жаңа атау берді. 2500 көшесі бар Алматыда қалаға қосылған елді мекендерді қоса есептегенде, 349 көше мен бірнеше ықшамауданның атауы қайталанатын. Бұл шын, қызмет көрсету саласының жылдам әрі жүйелі жұмыс істеуіне көп кедергі келтіретін. «Енді көше атаулары толық ілінсе, бұл қызметтердің сапасы жақсарады», - дейді сала мамандары. Ал, сол атаулардың материалдық жағын айтпағанда, Тәуелсіздік ұстанымына қайшы келетін тұстары да бар еді. Жергілікті тұрғындарды Кеңес кезіндегі атауларды өзгертуге итермелеген не, оның тұрмыстық пайдасы қандай? Ежелден ұлы даланың қарыс қадам жері мен әрбір сай-саласын өзіне тән ерекшелікпен атаған халқымыздың тарихы – адыр, асу, бел, таулардың атуларымен тығыз байланысты. Сол атауларға зер салсақ, көшпенділердің қазіргі тапономика ғылымын терең меңгергені аңғарылады. Тарихын түгендеген Алматыда атау берудің астарында не жатыр?

Нұрлан АСҚАРҰЛЫ

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу