«Apta» соңғы 12 айда планетаны елең еткізген елеулі жаңалықтарды ұсынады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Apta» соңғы 12 айда планетаны елең еткізген елеулі жаңалықтарды ұсынады

30.12.2018

Уақыт бір орында тұрмайды. 2018 жылды да әлем халқы үміт пен күдіктің құшағында бір қуанып, бір қайғырып өткізді. Күнделікті басқосу, жиын-тойларды айтпағанда, осы жылы ғаламдық саясатта күрделі бетбұрыстар, қарулы қақтығыс, соғыс-ұрыстар да болды. Кейбір елдердің дүрдараздығы, араздыққа ұласты. Қос алпауыт АҚШ пен Қытай сауда соғысына кірісті. Сеул мен Пхеньян Корей түбегін ядролық қарудан тазартуға ақыры уағдаласты. Ким мен Мунның тарихи кездесуі бүкіл әлем назарына ілікті. Ал, Британ-Ресей қатынастары бұрын да жақсы емес еді. Биыл тіпті нашарлады. Қан-жыны шыққан Сирияда соғыс аяқталуға жақындаса, Латын Америкасында миграциялық дағдарыс күшейді. Сонымен қатар, өтіп бара жатқан жылы әлем талай табиғи, техногендік апаттарға, терактілерге куә болды. 2018-де қуанышты оқиғалар да аз болған жоқ. «Apta» бағдарламасы соңғы 12 айда планетаны елең еткізген елеулі жаңалықтарды назарларыңызға қайта ұсынады.

Арыстан РЫСБЕК

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу