Оңтүстіктен солтүстікке бет түзеген көштің қарқыны қалай? - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Оңтүстіктен солтүстікке бет түзеген көштің қарқыны қалай?

23.12.2018

Соңғы 3 жылда түстік өңірлерден теріскейге, Солтүстік Қазақстан облысына 700-ден астам отбасы көшіп барды.  Дені жергілікті шаруашылықтарға жұмысқа тұрса, біразы өз кәсіптерін ашты. Жұмысқа орналастыру мен кәсіпкерлікті дамытуға арналған мемлекеттік «Еңбек» бағдарламасының мақсаты да - осы. Өйткені, соңғы жылдары теріскейде жұмысшы жетіспеушілігі айқын сезіле бастады. Бұған біріншіден демографиялық жағдай әсер етсе, екіншіден жастардың жаппай қалаға көшуі себеп болған. Ал, жалпы, аталған бағдарламаны қолға алуға Қазақстанда қалыптасқан демографиялық дисбаланс түрткі болғаны рас. Өздеріңізге мәлім, оңтүстікте халық саны көп, туу көрсеткіші жоғары, халықтың орташа жасы төмен. Жастардың үлесі басым. Бұл оңтүстік өңірлерде жұмыспен қамту, әлеуметтік мәселелерді шешу бойынша демографиялық ауыртпалық тудырды. Тудырып та жатыр. Ал, солтүстікте керісінше, халық саны аз. Мұнда жұмыс күшінің жетіспеушілігі үнемі байқалады. Бұл - мәселенің экономикалық тұсы. Екіншіден, демография әрдайым ұлттық қауіпсіздікпен тікелей байланысты. Сондықтан, шекаралық аудандарда халық санында тепе-теңдік балансын сақтау маңызды болды.

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу