Маңғыстаудағы «Ақтау» және «Құрық» порттарының бүгіні қандай? - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Маңғыстаудағы «Ақтау» және «Құрық» порттарының бүгіні қандай?

16.12.2018

Еуразияның логистикалық картасында Қазақстанның алатын орны айрықша. Су, әуе, көлік және шойын жолдары арқылы жаһанды бір-біріне жақындатуда да рөлі зор. Өйткені, Еуропа елдері мен Қытай сияқты ірі экономикалық алыптардың ортасын жалғайтын геостратегиялық маңызы бар. Соны ескергендіктен, Тәуелсіздік жылдарында транспорттық әлеуетті көтеруге аз күш жұмсалған жоқ. Ол үшін Президенттің пәрменімен «Нұрлы жол» бағдарламасын бекітіп, іске жүйелі түрде кірістік. Аптаның бұған дейінгі хабарларында автокөлік жолдары бойынша жоспарланған 11 жоба, теміржол мен авиация саласындағы 4 жобаны жіпке тізіп, жетеріне жеткізе баяндадық. Ал, миллиардтар жұмсалған «Қорғас – Шығыс қақпасы» арнайы экономикалық аймағы мен Маңғыстаудағы «Ақтау» және «Құрық» портының бүгіні қандай? Төккен тер, еткен еңбек ақталып жатыр ма?

Досымжан ЕРМҰРАТ

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу