Мыңдаған қазақстандық көлігі мен мүлігі үшін тиісті салығын төлегенін дәлелдей алмай жүр - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Мыңдаған қазақстандық көлігі мен мүлігі үшін тиісті салығын төлегенін дәлелдей алмай жүр

09.12.2018

Соңғы жылдары мыңдаған қазақстандық көлігі мен мүлігі үшін тиісті салығын төлегенін дәлелдей алмай дал. Өзгенің өтелмеген салығы үшін күйіп-пісіп, қымбат уақытын жоғалтып, жүйке жұқартып жатқандар қаншама. Басқа пенденің, нақтырағы жауапты мекемелердің жауапсыздығының кесірінен заңсыз айыппұл арқалағандар да аз емес. Мәселенің сыздауықтай асқынғаны соншалық, салаға депутаттар араласуға мәжбүр болып отыр.

Иә, мемлекеттік органның жіберген қателігі үшін қарапайым азаматтар шығынға батып, әр мекеменің есігін бір қағып, діңкелеп жүр. Берешегі бар борышкерлердің орнына қарызы жоқ адамдардың жауапқа тартылуына не себеп?

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу