Ұлттық арна тілшісі әскери-саяси жағдайы шиеленісіп тұрған Ливан аймағына барды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ұлттық арна тілшісі әскери-саяси жағдайы шиеленісіп тұрған Ливан аймағына барды

18.11.2018

Қазақстанның бітімгершілік ротасы Ливан мемлекетінде жүр. Біздің әскерилердің қызметі ресми түрде басталды. Енді 120 сарбазымыз болашағы сағымдай құбылып, сабыры қашқан Ливанның тыныштығы мен тұрақтылығын сақтауға атсалысады. Жалпы, Біріккен Ұлттар Ұйымының ережесі бойынша әр ел әлемдегі тұрақтылықты сақтауға, бітімгершілік істерге араласуға міндетті. Біздің ел бұл ұйым шебіндегі миссияға алғаш рет қатысып отыр. Бірлесе қызмет атқару үшін Қазақстан мен Үндістанның үкіметтері арасында өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойылған. Әскерилер Қорғаныс министрлігінің қазынасынан қаржыландырылады. Біріккен Ұлттар Ұйымы тарапынан да қаржылай қолдау бар. Жат жерде жүрген сарбаздардың жұмысы мен тұрмыстық жағдайын жаһандық ұйым ретке келтіріп қойған. Тілші Оңғар Алпысбайұлы әскери-саяси жағдайы ұстараның жүзіндей қылпылдап тұрған қиын аймаққа арнайы барды. Сарбаздармен жүздесіп, жағдайларын көзбен көрді.

 

Оңғар АЛПЫСБАЙҰЛЫ

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу