Кореяда заңсыз еңбек етіп жүрген отандастардың өмірі қандай? - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Кореяда заңсыз еңбек етіп жүрген отандастардың өмірі қандай?

11.11.2018

Жеп байыған, жемей байыған бай-бағландардың есебі түгел болар, ал, күнкөрістің қамыты мойындарын қажаған қараша қайтпек? Өмір сүру керек қой. Сондықтан, көбірек табысқа ұмтылған мыңдаған қазақстандық үшін Оңтүстік Корея тартымды еңбек нарығына айналғаны ақиқат. Қазір қоғамда қызу талқыға түсіп жатқан тақырыптың бірі осы. Кореяда жанбағыстың қамымен заңсыз жүрген қазақстандықтар мәселесі. Осыдан төрт жыл бұрын, яғни, 2014 жылы екі ел арасында визасыз режим орнағаннан кейін, ол жаққа заңсыз жұмыс істеуге баратындардың саны еселеп артқан. Қазір ол елдегі мигранттардың саны 330 мыңға жеткен. Оның 12 мыңға жуығы - біздің отандастарымыз. Олар Тайланд пен Қытай, Филиппин мен Моңғолия, Ресей мен Өзбекстан азаматтарымен бірге күн-түн көз ілмей, қара жұмыс істеп жүр. «Кореяға барып байып жатыр», «ол жақта сағатына доллармен табыс табады екен» деген әңгіме де ел ішін кезіп жүргелі қашан?! Алайда, мың естігеннен бір көрген артық. Шын мәнінде ол жақтағы отандастардың өмірі ғажайып па? Мигранттар үлде мен бүлдеге оранып жүр ме? «Бәлен жерде бақыр бар» деп кеткендер тақырға отырған жоқ па? Осыған көз жеткізу үшін сондағы қазақ жігіттерінің халін білу үшін тілші Дулат Абибуллаев Кореяға барып келді.

 

Дулат АБИБУЛЛАЕВ

Хабарламаларға жазылу